9 Қыркүйек 19:55

Жайылымда жүрген бұқаны атқан

Фото:

 Ақтөбе облысында жайылымда жүрген бұқаны атқан екі азамат сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Ақтөбе және Атырау облысының екі тұрғыны еркін жайылымнан жергілікті тұрғынға тиесілі бұқаны қасақана пайдакүнемдік мақсатта өздерінің аңшылық мылтығымен атып алып, “УАЗ” маркалы автокөлігіне тиеген. Байғанин ауданы ПБ-мен ұйымдастырылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі азамат ұсталып, ҚР ҚК 188-1 бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша күдікті ретінде танылып, қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты сот үкімі шығып аталған азаматтар үш жылға бас бостандығынан айырылып, “УАЗ” маркалы автокөлігі тәркіленді.

Тегтер: