Ауа райы: Бірқатар өңірде үсік жүреді

04 мая, 08:39

Фото: ғаламтордан

 «Қазгидромет» РМК 4 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 2 градус үсік жүреді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік, тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші жекелеген аумақтарда күндіз 25 м/с жетеді.

Ақмола облысында күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с артады. Түнде жекелеген аумақтарда 3 градус үсік жүреді. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысында 4 мамырда – күндіз, 5 мамырда тәулік бойы солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Түнде 4 мамырда кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік сақталады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации