ҰҚК ардагері Қамза Ыбыраев қайтыс болды

04 мая, 13:21

Фото: ғаламтордан

Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Қамза Ыбыраев қайтыс болды.

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы және "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ ҰҚО ардагері отставкадағы генерал-майор Қамза Төкешұлы Ыбыраевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Қамза Ыбыраев Шығыс Қазақстан облысы ҰҚК, Павлодар облысы ҰҚКД басшысы, ҰҚК-нің Әзербайжан мен Түркіменстандағы өкілі болып жұмыс істеген. Ол 1953 жылы 27 маусымда дүниеге келген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации