1 Сәуір 15:56

Тұрмыстық зорлықтың тасасында жұмыссыздық тұр

Фото:

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 81% -ы еш жерде жұмыс істемегендер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Нұр-Сұлтан, NEGE.   «Соңғы бес жылда әйелдер мен балалардың құқықтарын бұзатын қылмыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар, карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы күшейе түсті. Мұндай жағдай қазіргі кезде көптеген елде болып жатыр. Өткен жылдың соңында осындай қылмыс саны 4,7% өсті», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк. Оның айтуынша, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санымен салыстырғанда отбасылық қылмыстың үлесі аз, бар болғаны 1% құрайды. «Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 50% -дан астамы – әйелдер болса, 6,4%-ы – кәмелетке толмағандар. Әдетте, мұндай құқық бұзушылықтардың жартысы мас күйде жасалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 81% -ы еш жерде жұмыс істемегендер», - дейді ол.

Тегтер: