29 Желтоқсан 12:51

Түркістан облысында қаруланған ер адам ұсталды

Фото:

Қазығұрт ауданында көшеде қарумен жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне кешкі сағат 21:40-да белгісіз ер адамның көшеде қарумен жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірден криминалды полиция мен жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ұсталды.

"Lada көлігін тінту барысында жедел уәкілдер жолаушыға тиесілі аңшы қаруы мен оқтарды тәркіледі. Полиция қызметкерлері күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол ұсталды. ", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша тіркелді. Іс сотқа жіберілді.

Тегтер: