Түркістан облысында 3 жасар бала түнде үйінен қашып кеткен

04 мая, 14:25

Фото: ғаламтордан

Түркістан облысының полицейлері түн жарымында жалғыз жүрген 3 жасар баланы тауып алды. 

Алматы, NEGE. Оқиға Жетісай ауданында болған.

Жетісай АПБ-нің жедел-тергеу тобының қызметкерлері сағат 04:30 шамасында шақырту бойынша келе жатып, М.Әуезов көшесі бойындағы "Абай" саябағында шамамен 3-4 жастағы кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқаған.

"Тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, таң атпай ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген ұл баланың жанына барады. Одан не үшін жүргенін, қайда тұратынын сұрағанда, тілі толық шықпаған бала нақты жауап бере алмайды. Содан полицейлер, оны қауіпсіз жерге Жетісай АПБ-не алып келіп, ас-суын беріп, жағдайын жасады", - деді Түркістан облысының полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылар одан ары баланың ата-анасын анықтап, үйін табу мақсатында аумақтағы үйлерді жеке-жеке аралап, баланың фотосуретін көрсетіп, іздестіру іс-шараларын жүргізеді.

Сағат күндізгі 11:00 шамасында полицейлер жоғалған баланы іздеп жүрген әйелді жолықтырады. Белгілі болғандай, ол бүлдіршіннің нағашы әпкесі болып шықты.

"Тексеру кезінде анықталғандай, үй-іші толық ұйықтап жатқанда оянып кеткен бала, үйінен шығып кеткен. Таңертең анасы ұйқыдан тұрғанда қасында баласы болмағаннан кейін полицейлерге хабарламастан өздері іздей берген", - деді ведомствода.

Баланың туыстары қызметтік міндеттерін мүлтіксіз орындаған полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации