Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам айтты

20 апреля, 11:42

Фото: ғаламтордан

Үкіметтің онлайн-отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

Алматы, NEGE. "Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді Алексей Цой. Министрдің айтуынша, вакцинация эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырмайды, өйткені иммунитетті қалыптастыру үшін уақыт қажет. 

"Бұл індеттің ауыртпалығын, қатарымызды сирететінін және вакцина бізге не беретінін түсінуіміз керек. Біз екінші жыл шектеулер жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Адамдар аттап басқан сайын инфекциядан сақтанудан шаршады. Бірақ, тағы да қайталаймын, бұрынғы өмірге оралудың жалғыз шарты – бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру. Тек вакцина ғана бізге қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге және кең тыныстауға мүмкіндік береді", – дейді денсаулық сақтау министрі. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации