4 Тамыз 13:12

Цой: Қазақстандағы коронавирус көрсеткіштері қайта есептеледі

Фото:

Қазақстандағы коронавирус көрсеткіштері қайта есептелетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында хабарлады.

Алматы, NEGE. «1 тамыздан бастап коронавирус статистикасын есептеудің тәсілінің өзгеруіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы 10 күніндегі мәліметтер негізінде вирустың репродуктивтілік көрсеткіштерін қайта есептейді. Одан соң әр аймақтардағы жағдайды да бағалайтын боламыз», - деді ол.

10 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі вирустың репродуктивтілік көрсеткішін де есептеп отыратын болады.

Тегтер: