15 Шілде 08:25

Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото:

 «Қазгидромет» мамандары бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Алматы, NEGE. 15 шілдеде Қарағанды облысында және облыс орталығы мен Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан және шығыстан күшті жел соғады, жел қарқыны кей жерлерде - 15-20 м/с, екпіні - 23 м/с. 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында да күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады.

Оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с болатын күшті жел соғады. 15-17 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. 15 шілде күндіз Атырау облысында кей жерлерде жел бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады. Желдің күші - 18 м/с. 

Тегтер: