8 Қараша 19:19

Төрт облыста жолаушылар пойызының кестесі өзгерді

Фото:

Жолаушылар пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды. Компания коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолданылып жатқан шараларды атап өтті. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық коммиссия шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес келесі СҚО, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарын қатынайтын жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі ысқарады:

1) 9 қарашадан бастап №705/706 «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызы күнара қатынайтын болса, №31/32 «Павлодар – Алматы» жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша қатынайтын болады.

2) Келесі облыстарда барлық стансаларға билет сатуға және жолаушы отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады: a) Ақмола облысында Атбасар, Ерейментау, Аршалы стансаларынан, 1, 2 және 3-сыныпты вокзалдар орналасқан Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау курортын қоспағанда; b) Павлодар облысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл стансаларын қоспағанда; c) Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная стансаларын қоспағанда; d) Солтүстік Қазақстан облысында барлық стансалар арқылы жолаушыларды отырғызуға/түсіруге транзиттік жолаушы пойыздарының қозғалысына тыйым салынады. Сонымен қатар, № 68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Өскемен-1» жолаушы пойызының аптасына бір рет жол жүру мерзімділігі және № 351/352 «Алматы-2 - Өскемен-1» жолаушылар пойызының ағымдағы жылдың соңына дейін уақытша күнара қатынауы ұзартылды. Петропавл стансасынан жолаушы тасымалының пойызымен шығу 3 тәулікке жарамды теріс нәтижелі COVID-19 ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама міндетті түрде болуы қажет. ПТР анықтамасы жоқ жолаушы вагонға жіберілмейді, сондай-ақ теміржол вокзалы ғимаратында күтіп алушы мен шығарып салушыға кіруге тыйым салынады.

Тоқтатылған пойыз бен тыйым салынған стансаларға жол жүру құжатын (билет) ресімдегенде, сондай-ақ билеті бар жолаушының ПТР анықтамасы болмағанда билетін қайтарып береді, оның ақшасын толық көлемде қайтарып алады. Билеті қайтару жолаушы тасымалдау ережесінде көзделген мерзімде билетте көрсетілген стансадан пойыз жөнелтілген сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Төлемді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне қарай қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады.

Тегтер: