5 Сәуір 16:11

Төреғалидің келіншегі мұңын шақты: «Үйдің жанындағы дүкенге де сұранып жүру керек»

Фото:
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің келіншегі отбасындағы келіннің атқаратын қызметі жайлы пікірімен бөлісті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Алматы, NEGE.  Әрбір сөзін байыптап, саралап жазатын әншінің келіншегі Толқын бүгінде өз инстаграм парақшасында көптеген тұщымды посттар жазып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Өзінің басынан өткен оқиғалар мен отбасы заңдылықтарын жазуды әдетке айналдырған. 

«Отан - отбасынан басталады! Кішкентай отанымыздың түтінін түзу түтетіп, қызметімізді адал атқару біздің, яғни келіндердің, аналарымыздың жауапкершілігінде сияқты!

Иә, ағаштың екі ұшы болады әрине, бірақ көрпені әркім өз жағына тарта бермей, өзінің міндетіне бекем болса, шіркін әрбір отбасы шынайы бақыттың дәмін сезер еді....

Сол ұлтымызға деген қызметіміз, отбасымыздағы қызметтен бастау алмай ма!? Жаңадан келін боп түскен кезімде, көптеген қызықтарды өткердім.

Бәріміз де бәрін біліп келген жоқпыз, әрине.

Әрі жаңа ортада бірі ұнаса, бірі ұнамайтын, бірі қабылдаса, бірі қабылдамайтын тустары да бар.

Біздің отбасындағы заң қаталдау боп көрінді... Тіпті күйеуіме дейін әрбір қадамы, Атамның қадағалауымен болатын... Ол кезде үйіміздің қасындағы бір метр жердегі дүкенге де сұранып, ескертіп жүру керек болды, әрі өзім барып келе алмайтынмын, қасыма бір адам еріп жүру керек болатын. Ол жарымның бұйрығы! Басында маған қатты таңсық көрінетін... Иә, қарсы тұрып, ода тұрған не бар екен деп, болмашы нәрсеге ұрыс шығарып көргенмін...Сол үшін оңбай сөз еститінмін. Ол жарымның бұйрығы!

Бір-рет жарыма солай айтқанымда, ол кісінің сөзі жадымда мәңгілік жатталып қалыпты, "Күйеуінің рұқсатынсыз үйінен шыққан әйелге, үйіне кіргенге дейін періштелер лағынет айтады", – деді. Ауыр, әрине.

Жарайды, дегеніммен, іштей қарсылық тұратын... Әрі діни сауаттың да аздығынан ол сөздердің астарын түсіне де бермеген сияқтымын! Уақыт өте бәріне мінезімнің ең мықты жері, сол іштегі қарсылықтарға өзім төтеп берем деп шештім... Табандылық танытып, содан бері, сол бағыттан таймауға тырысамын!

Тегтер: