2 Маусым 15:45

«Теңіздегі» жұмысшылар аштық жарияламақ

Фото:
 «Теңізшевройл» ЖШС жұмысшылары үйлеріне қайтаруды талап етіп, егер жібермесе аштық жариялаймыз деп қорқытты, деп хабарлады ATPress.kz.


Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желілерде Теңіз кен орнындағы вахталық ауылдардың бірінде түсірілген бейнежазба тарап кетті. Видеодағы кадрларда жұмысшылар тобының «Теңізшевройл» ЖШС өкілдерімен кездесуді және шұғыл түрде үйлеріне қайтаруды талап етіп жатқандары көрсетілген. Егер талаптары орындалмайтын болса, олар аштық жариялайтындарын айтып жатыр», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Өңірлік шұғыл штабта нақтыланғандай, жағдай 30 мамыр күні күндіз екі мердігер компанияның жұмысшылары тұрып жатқан вахталық ауылда орын алған. 30-ға жуық адам карантиннің ұзаққа созылып кетуіне наразылықтарын білдірген. Олардың бәрінен бұған дейін науқаспен байланыста болғандар ретінде Covid-19 дертіне қатысты сынама алынып, 14 күнге оқшауландырылған, содан кейін екінші рет тест алынған. Екінші мәрте алынған тест қорытындысы кешіктірілген, алайда бүгін бұл мәселе шешілуі керек.
Хабарда атап өтілгендей, 31 мамыр, жексенбідегі жағдай бойынша Атырау облысында коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 69 жаңа дерегі тіркелген, оның ішінде 54-і Теңіз кен орнындағы мердігер мекемелердің жұмысшыларынан табылған.

Тегтер: