2 Маусым 14:12

Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

Фото:

Теміртау қалалық әкімдігінің қызметкерлері арасында тестілеу өткізудің нәтижесінде шаһар басшысы Ғалым Әшімов коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. 

Алматы, NEGE. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовте коронавирустық инфекция анықталғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде растады. «Өткізілген тест нәтижесі Теміртау қаласы әкімінде коронавирустық инфекция барын растады. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде. Денсаулық жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Кала әкімі ешқандай әлсіздік жоқ екенін айтты. Ол 14 күн өзін-өзі оқшаулап, бақылауда болады. Қала әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқаратын болады.

Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Теміртау қаласы басшысымен байланыста болған әкімдік қызметкерлерінің арасында оң нәтиже анықталған жоқ. 1 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 956 жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 255 адам сауықты.

Тегтер: