2 Мамыр 10:37

«Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салатын уақыт неге ұзартылды?

Фото:

«Спутник V» вакцинасының екі компонентін егу арасы ұзартылуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Ресейлік екпенің алғашқы дозасын қабылдаған адам 45 күннен кейін екіншісін салдыра алады. Бұған дейін қос компонент арасы 21 күн еді. Бұл туралы Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Жалпы вакциналау арасы 90 күнге дейін созылуы мүмкін. Вакцинация кестесіне қатысты бұл ұстаным Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтың 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесіне негізделген. Аталған мәлімдемеге сәйкес «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компоненттері арасындағы интервалдың ұзартылуы иммундық күшке әсер етпейді. Бұл халықты иммундауды айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда интервалды ұзарту адамның иммундық күшінің артуына септігін тигізеді. Мұндай шешім вирустың жаңа мутацияларынан қорғану үшін қабылданып отыр.

Тегтер: