16 Ақпан 10:23

«Спутник V» вакцинасын тіркеу жұмыстары толығымен аяқталды

Фото:

 Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Алматы, NEGE. Екпенің қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мамандары жан-жақты тексеріп, қорытынды жасаған. Бірер күнде арнайы сертификат беріледі. Қазақстан бұл вакцинаны қолдануды мақұлдаған әлемдегі 27-ші мемлекет болып отыр. Енді екпенің алғашқы 90 мың дозасы ақпан айында Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде өндіріледі. Мамырға дейін шамамен 2 миллион дана шығарылады.

Тегтер: