3 Ақпан 20:17

«Спутник V» иммунитетке қалай әсер етеді?

Фото:

«Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Алматы, NEGE. «Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық журналдардың бірі Lancet «Спутник V» вакцинасының SARS-CoV-2 коронавирусты жұқтыруға қарсы тиімділігі 91,6 пайызды құрайтындығын жариялады. Бұған қоса, «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитеттің кемінде 2 жыл сақталатындығы дәлелденген. Сонымен қатар вакцина коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» сынды жаңа штаммдарына қарсы тиімді екендігі де маңызды. Мұнан бөлек, вакцинаны әзірлеушілер «Спутник V» вакцинасы COVID-19-дың орта және ауыр өтуінен де қорғайтындығын атап өтеді», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Тегтер: