1 Сәуір 20:04

«СҚ-Фармацияның» басшылығы сынға ұшырады

Фото:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияның» жаңа басшылығына мүмкіндіктерін көрсететін сәт келгенін айтты.

Алматы, NEGE. «Кейбір өңірлерде жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалып жүр. «СҚ-Фармация» басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда – орынды босату керек», – делінген Президенттің Twitter-де жариялаған дәйексөзінде.

Бұған дейін Тоқаев елдегі коронавирусқа қатысты «індет өршіп» бара жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, азаматтар мен бизнес өкілдері індеттен шаршап, нәтижесінде қауіпсіздік шараларын елемей жүргені жағдайды ушықтырады.

Тегтер: