9 Шілде 09:38

ШҚО-дағы үш ауданда карантин күшейтілді

Фото:

Шығыс Қазақстандағы Аягөз, Жарма және Бесқарағай аудандарында карантиндік шара күшейтілді. Өйткені ол аймақтарда жұқпалы  инфекцияның таралуы белең алып отыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Қазір өңірде қауіпті індетке  шалдыққандар саны 2300-ден асты. Мыңнан аса науқас дертті жеңіп шықты. Мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. 171 мыңға жуық азамат ПТР тест тапсырған.  Облыс әкімінің айтуынша, ауруханалар толықтай дәрі дәрмектеп қамтылған. Дәріханаларға да қажетті препараттар жеткізілген. Ауруханада төсек орын саны да көбейтіліп жатыр. Аймақ басшысы тұрғындарға ең басты керек шара - барынша оқшаулану екендігін ескертіп, карантиндік талаптарға түсіністікпен қарауға шақырды. Қазір соның нәтижесінде Семейде ауру жұқтыру  ақырындап бәсеңдеп келеді. Дегенмен, босаңсуға әлі ерте.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов: "Эпидемияның таралу барысын ескере отырып біз В, С жоспарларын  әзірледік. Ауруханаларда төсек-орын тапшылығына жол бермеу мақсатында іс-қимыл әрекетін бекіттік. Мысалы, қазіргі кезде инфекциялық 1770 орын бар, 1896 орын провизор орын және 2590 карантиндік орын бар. Міне салыстырып көріңіз, бірінші бастағанда 100 инфекциялық орын болса, қазіргі таңда - 1770", - деді. 

Тегтер: