11 Мамыр 16:32

Шымкентте басына кастрөл киіліп, шешілмей қойған 1,5 жасар бала құтқарылды

Фото:

Шымкентте төтеншеліктер басына кастрөл киіліп, шешілмей қойған 1,5 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент, NEGE.  Қалалық төтенше жағдай департаментіне 10 мамырда күндізгі сағат 12:40-та шұғыл қоңырау түсті. Ата-анасының айтуынша, 1,5 жасар бүлдіршін кастрөлмен ойнап жүріп, ыдыс басына киіліп қалған. Қанша жерден өздері шешпек болғанымен, одан нәтиже шықпаған соң құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болады.

Бас құтқарушы К.Нұсқабаевтың жетекшілігімен құрамында 4 маман бар құтқару тобы көрсетілген мекенжайға жетті. Бүлдіршін жарақат алмаған, бірақ басын ұстатпай жылай береді. Құтқарушылар келген кезде балақай жылағаннан шаршап, ұйықтап кетіпті.

Құтқарушылар өсімдік майын жағып, ақырын қимылмен 15 минуттың ішінде бүлдіршіннің басынан кастрөлді шешіп алды. Операция сәтті аяқталды, қыз бала зардап шеккен жоқ.

Осыған орай төтенше жағдай департаментінің мамандары ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

 

Тегтер: