25 Қаңтар 19:52

Шектеу шаралары қайта күшейді

Фото:

Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық бас дәрігері карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысына өзгерту енгізді, – деп хабарлайды Облыс әкімдігі жанындағы өңірлік жедел штаб.

Алматы, NEGE. Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Е. Даулетбаев 2021 жылғы 6 қаңтардағы қаулысына мынадай өзгерістер енгізді:

1) 180 адамға дейінгі контингенті бар мектептерге (сыныптардағы балаларының саны 15 адамға дейін сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда) ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс істеуіне рұқсат беру; 1-4-сыныптардағы білім алушылар үшін білім беру ұйымдарында кезекші сыныптар ұйымдастырылады, бұл ретте топқа 15 баладан артық жіберілмейді; қалған сыныптар қашықтық форматта оқиды;

2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін тек қашықтан оқыту; Өңірдің санитария дәрігерінің қаулысы 2021 жылғы 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулыне 2021 жылғы 10 ақпан сағат 00:00-ге дейін қолданылады.

Тегтер: