13 Қыркүйек 15:54

Шақалағын көшеге тастап кеткен көкек-ана іздестіріліп жатыр

Фото:

Жаңаөзенде көшеге лақтырылған жаңа туған баланың анасы іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 11 қыркүйек күні сағат 23:00-де Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясынан үйлердің бірінің жанында жаңа туған сәби табылғаны туралы телефон қоңырауы түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігі «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Қазіргі уақытта ананы анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде. Бала сау. Ол Жаңаөзен қалалық ауруханасының перзентханасында жатыр.

Тегтер: