21 Қазан 17:56

Сауда орталықтары демалыс күні жұмыс істемейді

Фото:

Демалыс күндері елордадағы сауда орталықтарының қайта ашылатын күні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Елорда әкімдігі.

Алматы, NEGE.  "Әзірге эпидемиологиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ, COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады. Сондай-ақ аурудың алдыңғы аптамен салыстырғанда өсуі байқалады. Бүгін, бесінші күні, елорда "жасыл" аймақта тұр, осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана жеңілдету туралы айтуға болады", - деп түсіндірді Пірәлиева.

Тегтер: