25 Ақпан 13:26

Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі

Фото:

Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатыр. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталуда. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады. Содан кейін ғана кенттердің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына қажетті барлық нормативтік-құқықтық негіз толығымен қалыптасты деп айта аламыз. Бірақ, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент қазір біз кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

«Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан айлары арасында өтеді. Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады», - деді Қ. Тоқаев.

Тегтер: