5 Қазан 20:56

Рудный қаласының әкімі тағайындалды

Фото:

Архимед Мұхамбетов Рудный қаласының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновты тағайындады және жергілікті активке таныстырды.

Қуандық Хайдарұлы Испергенов 1970 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққараға ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. Рудный индустриалдық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген», делінген баспасөз хабарламасында.

Қуандық Испергенов бұған дейін Бейімбет Майлин атындағы ауданның әкімі қызметін атқарған.

Тегтер: