31 Желтоқсан 13:29

ПТР-анықтамасыз ұшып келген 11 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Фото:

 ПТР-анықтамасыз ұшып келген 11 қазақстандықтан COVID-19 анықталды.

Алматы, NEGE.  1 258 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестісі бар (сау екені көрсетілген) 1 044 адам, анықтамасыз 214 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 526 жолаушы, анықтамамен – 510, анықтамасыз - 16; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 469 жолаушы, анықтамамен - 286; анықтамасыз - 183; - Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 263 жолаушы, анықтамамен - 248; анықтамасыз - 15. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 29 желтоқсанында анықтамасыз келген 212 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-Эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 11 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Тегтер: