14 Шілде 20:32

Провизорлық стационар ашылды

Фото:

БҚО көпбейінді ауруханасы базасында 150 орынға есептелген провизорлық стационар ашылды.

Алматы, NEGE. Аурухана директоры Арман Байдеуовтің айтуынша, стационар жуырда салынған №2 корпуста орналасқан.

Провизорлық стационарда қарқынды терапия палаталары, арнайы мониторлар, 21 өкпені жасанды желдету аппараты, көлемі 7 және 8 литр болатын Бобров аппараттары енгізілген 40-тан астам оттегі концентраторлары бар. «Бұл концентраторлардың ерекшелігі, оттегіні өндіру және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылу арқылы пациентті әр түрлі пайыздық мөлшерде оттегімен қамтамасыз ете алады», дейді А.Байдеуов. Мұнда тамақтану мен емдеу жүйесі толығымен оңтайландырылған, қажетті дәретхана бар және сумен үздіксіз қамтылған. Науқастарға барлық жағдай жасалған жаңа корпуста алғашқы емделушілер қабылдана бастады. «Қазіргі таңда қауіпті індетпен ел болып күресудеміз. Осы орайда ауруханаларға көмек қолын созып жатқан жандардың бәріне алғысымызды айтқымыз келеді», деді А.Байдеуов.

Тегтер: