18 Мамыр 18:43

Президент Қырғызстанға көмек көрсетуді тапсырды

Фото:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанға 4500 тоннаға жуық бидай ұны тиелген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Оны тапсыру рәсіміне Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев және Қырғызстанның Ауыл, су және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Азамат Мукашев қатысты.

Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 75 вагонмен жеткізілді. Министрдің орынбасары А.Мукашев қырғыз тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегіні жоғары бағалайтынын бауырлас қазақ халқына терең ризашылық білдіретінін және атап өтті.

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасымен дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан халқының атынан бауырлас қырғыз халқына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны белгілі. Берілетін гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 10 мың тонна ұнды құрайды.

Тегтер: