9 Сәуір 10:05

Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Фото:

Қазақстан бойынша өткен тәулікте 2440 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Дерт жұқтырғандар саны күннен-күнге артып барады.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 446
Алматы қаласы – 717
Шымкент қаласы – 72
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 116
Алматы облысы – 254
Атырау облысы – 149
Шығыс Қазақстан облысы – 49
Жамбыл облысы – 38
Батыс Қазақстан облысы – 110
Қарағанды облысы – 169
Қостанай облысы – 33
Қызылорда облысы – 43
Маңғыстау облысы – 33
Павлодар облысы – 38
Солтүстік Қазақстан облысы – 49
Түркістан облысы – 23

Жалпы ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 263 943-ке жетті. Кеше Қазақстанда 1 786 адам аурудан айықты. Қазақстан бойынша аурудан жазылғандар саны – 231 324.

Сондай-ақ 2020 жылдың 1 тамызынан бері 51 159 жағдай тіркеліп, 721 адам дерттен көз жұмған.

Тегтер: