23 Желтоқсан 10:37

Оқушы жетінші қабаттан неге құлады?

Фото:

Шымкентте жасөспірім жетінші қабаттан құлап, аман қалды.

Алматы, NEGE. Полицейлер мектеп оқушысының сегізінші қабат терезесінен құлауына байланысты оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Шымкентте сегізінші қабат терезесінен құлаған он екі жасар мектеп оқушысы аман қалып, қалалық балалар ауруханасына түсті.

Оқиға 22 желтоқсан күні кешкі сағат 21.30 шамасында болды, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz порталы.

Тұрғындардың айтуынша, 2008 жылы туған қыз белгісіз себептермен "Шымсити" ықшамауданындағы көпқабатты үйдің сегізінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Түрлі дәрежеде жарақаттанған жасөспірім "Асар" шағынауданындағы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, қандай да бір болжам айтуға бата алмай отыр.

Тегтер: