26 Сәуір 18:43

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер вирус жұқтырған

Фото:

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram-каналында Ақмола облысында коронавирус жұқтырған адамдар туралы дерек жариялады. Ақмола облысының Шортанды ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған - 1990 жылғы азамат Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесінің медицина қызметкері.

Алматы, NEGE.Ол вирусты жұқтырған адаммен жақын араласқаны үшін тұрғылықты жері бойынша үй карантинінде 16 сәуірден бастап отырған. Сондай-ақ, Целиноград ауданында КВИ жұқтырғандар статистикасы өзгерді. "Шапағат" АӘҚО бойынша жақын байланыста болған адамнан алынған талдау вирусты жұқтырғанын көрсетті. 1988 жылғы қызметкер 9 сәуірде карантиндік стационарға жатқызылған еді. Екі жағдай бойынша да санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Науқастар Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады. COVID-19-ды Ақмола облысында 93 адам жұқтырған. Целиноград ауданында - 83, Аршалы ауданында және Көкшетау қаласында - төртеуден. Шортанды ауданында енді екі адам тіркелді.

Тегтер: