22 Қазан 15:32

Нұр-Сұлтанда 8 мыңға тәнін сатқан жезөкше қыздар ұсталды

Фото:

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері СПИД орталығымен бірлесіп, адам саудасының алдын алу және онымен күресу мақсатында интим қызмет көрсететін тұлғалар мен боди массаж жасайтын адамдарды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Рейд барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 309 бабы, 1 бөлімінде көзделген қылмыс жасағаны үшін ("Жезөкшелік пен жеңгетайлық үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау"), 8000 мың теңгеге клиентке жезөкше қызды ұсынған әйел ұсталды.

Сондай-ақ, "Стоп-траффик" аясында Балқантау көшесіндегі сауна әкімшісі ұсталды. Ол өз өкілеттіктерін пайдаланып, 50 000 теңге сыйақы үшін клиентке секс қызмет көрсететін қыздарды әкеп берген. Сонымен қатар, пәтерлер мен коттедждерде массаж мен СПА салондары орнатылған. Боди массаж атын жамылған салондарда ашық түрде интим қызметтер көрсетілген. Интим ұсынатындардың арасында кәмелетке толмаған қыздар да болған. Ең сорақысы, 30 мың теңгеге тәнін сатқан еркек жезөкшелер де ұсталды.

Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде ішкі істер органдарына 69 қыз бен 10 еркек жеткізілді. Олардың бәрі боди массаж мен жезөкшелікпен айналысқан. 11 жеңгетай ұсталды.

Пәтерлер мен коттедждерді жалға берген тұлғаларға айыппұл салынды.

Тегтер: