7 Қазан 11:39

«Нұрлы жермен» салынған үйлер көбі сапасыз болып шықты

Фото:

 Өскеменде соңғы үш жылда «Нұрлы жермен» салынған үйлер көбі сапасыз болып шықты.

Алматы, NEGE. Өскеменде соңғы үш жылда мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған көп қабатты үйлердің көбі сапасыз болып шықты. Жауын жауса, төбесінен су ағады. Жел соқса, қабырғаның қаптамасы ұшады. Кейбір үйлерге тартылған жоғары кернеулі электр сымдары шұбатылып жерде жатыр. Ал тұрғындар баспанаға қатысты базынасын айтып, жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырумен жүр.  

Қала тұрғыны Дина Кеңеспаева: «Неше рет әкімдікке де жібердім. Құрылыс бөліміне де жібердім фотосын. Осы үйде 9 айдан бері тұрамыз. Бұған ешкімнің қатысы жоқ. Ешкімге ештеңе керек емес. Бәрі бір-біріне сілтей береді. Мына жерде балалар ойнайды. Кішкентай балалар бар. Сонда осындай жерлерді қалай ашық қойып қоюға болады. 9 ай болды міне, өстіп тұрғанына» дейді.

Қорыққан тұрғындар 9 айдан бері қаладағы осы салаға жауапты барлық коммуналдық мекеменің табалдырығын тоздырумен жүр. Бірақ әзірше тұщымды жауап болмай тұр.    

Тегтер: