29 Желтоқсан 16:15

Nur Otan: Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырамыз

Фото:

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

Маңғыстау облыстық штабының мүшелері Бейнеу желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының ұжымымен кездесті.

Маңғыстау облыстық штабының төрағасы Елубай Әбілов іс-шараны аша отырып, станция қызметкерлерін партияның «Өзгеру жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өңірді және Бейнеу ауданын дамыту бағдарламасының басты басым бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Елубай Жақайұлы «Nur Otan » партиясы әр жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономика құру міндетін қойып отырғанын атап өтті.

«Экономиканың тұрақты дамуы үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайтып, жаңа жобалар жасау, қызметкерлерді қысқартудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті ол.

Қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамту артатыны атап өтті. Көлік пен коммуналдық қызметтердің жұмысы жақсарады, ел бойынша 53 тазарту құрылысы салынады және жаңғыртылады. [29.12, 15:53] ????: Бейнеу ауданының тұрғын үй қоры және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымы жақсаруда.

 "Осылайша, 2025 жылға қарай ұзындығы 148,5 км Окарем-Бейнеу газ құбырына қосылу нүктесі бар Жаңаөзен-Құрық-Ақтау газ құбырының төртінші желісін салу жоспарлануда", - деді Елубай Әбілов.

 Бейнеу желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеген облыстық штаб мүшелері Гүлшат Серікова, Бекмұрат Жүсіпов, Губашев Нәжмеден және Берік Ахметов ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайлары жақсарып келе жатқанын атап өтті. Мысалы, республика бойынша 3,5 мыңнан астам ауыл абаттандырылады, әрбір тірек ауылға дейінгі 27 мың км жергілікті жол жөнделеді. Әрбір қазақ ауылы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 900 мың қазақстандықтың үйіне табиғи газ жеткізіліп, халықтың 99% -ы жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізеді. Жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Бейнеу ауданында 19 мыңға жуық жас тұрады, бұл халықтың жалпы санының 26,9%.

 Ауданда жастарды дамыту , жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру және білім беру, өзін-өзі дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатын болады. 2025 жылға дейін мұнда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 150 маман келеді. Сондай-ақ, жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге баса назар аударылатын болады.   Жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге баса назар аударылатын болады.

Партияның Бейнеу ауданы бойынша бағдарламасында спорт залдары мен алаңдарының құрылысы да бар, бес жыл ішінде ауданның 64 мың спортшысының қатысуымен 555 спорттық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған.

Кездесуді қорытындылай келе, Елубай Әбілов қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға және олардың отбасыларына денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

"Сынақтардан өтіп, бірге жеңіске жетеміз"- деді ол.

 «Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық сайлау қорынан төленді.

Тегтер: