3 Сәуір 20:20

Науқастармен байланыста болған дәрігерлер үйлеріне қайтқысы келмейді

Фото:
Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды

tengrinews.kz

Алматы, NEGE. "Мемлекеттік комисиия - карантин жарияланған ұйымдарда жұмысқа жұмылған медициналық қызметкерлерді эпидемиологиялық, санитарлық стандарттарға сай стационарларға карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады. Бұл дегеніміз науқастармен байланыста болған дәрігерлердің барлығы сол стационарда болуы тиіс деген сөз. Облыс әкімдері оларды жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Олардың транспортпен, тамақпен қамтамасыз етуі қажет. Жағдай жасалуы керек. Біз дәрігерлер қауіптенгендіктен үйлеріне қайтқысы келмейтінін түсінеміз", - дейді министр.

Еске салайық, мұның алдында 28 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 453-ке жетті.

Тегтер: