3 Сәуір 19:22

Министр: мектеп формасымен отыру керек деген дұрыс емес

Фото:

Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов мұғалімдердің оқушыларды мектеп формасымен отыру керек дегені дұрыс емес екенін айтты. 

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, біздің оқушылар үшін интернет арқылы оқу тиімді. "Бала берілген тапсырманы ыңғайлы уақытта орындайды. Ұстаздар бұрынғыдай үй тапсырмасын үйіп бермеуі тиіс" деді А.Аймағамбетов. 
"Қазір бізге түрлі мәселемен қоңырау шалып жатқан ата-ана көп. Соның ішінде ұстаздар оқушы мектеп формасын киіп отырып оқу дегенге байланысты сауал көп қойылды. Бұлай мәжбүрлеу дұрыс емес" деді министр.  

Сондай-ақ, ол "барлық тексерулерді тоқтаттық. Мұғалімнен, мектептен алынатын есеп көп. Ол болмайды. Мұғалімнен сабақ журналынан басқа ештеңе талап етілмейді" деді. 

 

Тегтер: