31 Наурыз 12:42

Министр: Қазақ радиосынан да сабақ өтеді

Фото:

Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 6 сәуірден бастап кірісетін қашықтан оқыту жөнінде соңғы дайындық жұмыстарын пысықтады. 

Алматы, NEGE. Бұл жүйе ұстаз, ата-ана, министрлік үшін де үлкен сынақ. Оның айтуынша, қашықтан оқыту 4 бағыт бойынша жүзеге асады. 
Бірінші бағыт. Телеарна арқылы сабақ беру. "Balapan" және "Еларна" арнасы келісімін беріп, жұмысын бастап кетті. Күніне 8 сағат сабақ болады. Негізі төртінші тоқсан бойынша 3360 сабақ түсіру керек. Қазір 300-ден астамын түсірді. Осы жұмысқа аталысқан ұстаз қауымына ерекше алғыс. 
Екінші бағыт. Кейбір телеарна көрсетпейтін елді мекендерге сабақ жүргізу үшін Қазақ радиосымен келіссөз жүргіздік. Радио бойынша  тиісті кесте бойынша сабақ өтеді. 
Үшінші бағыт - пошта. 250 елді мекендегі оқушыларға пошта арқылы жүргіземіз. 
Төртінші бағыт. Интернет жүйесі арқылы жүргізелді. Оған интернет платформалары көмекке келеді. 

Тегтер: