29 Желтоқсан 14:49

Мәслихат депутаттары соғыс ардагерімен кездесті

Фото:

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қарабаев Исатай, Сатимов Исатай, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ермекбаев Қайрат және Махауова Малика Ұлы Отан соғысының ардагері Шепель Михаил Ивановичпен кездесу өткізді.

Михаил Иванович 1926 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылында дүниеге келген. Балалық шағының естеліктері қиын кезеңдермен тұспа-тұс келді. 

Ол көпбалалы отбасыда дүниеге келген. Соғыс басталған кезде Михаил Иванович 15 жаста болатын. Үлкен ағалары соғысқа аттанып, колхоздағы ауыр жұмыстардың барлығын қарт кісілер, әйелдер және балалар атқарды. Әскер жасына жеткенде ол 98-ші әуе күштері дивизиясының 302 гвардиялық десанттық полкінің құрамында болды. Ол Венаны азат етті, Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «Венаны алғаны үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды. 1950 жылдың қазан айында демобилизацияланды. Демобилизациядан кейін ол Бөрлі орман қорғау станциясында жұмыс істей бастады, кейін есепшілер курсын аяқтады, Бөрлі орман шаруашылығы кәсіпорнында бас есепші болып жұмыс істеді. Адал жұмысы мен орман шаруашылығындағы ұзақ жылғы жұмысы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік орман шаруашылығы комитетінің дипломымен марапатталды. Әйелімен бірге үш баланы тәрбиелеп өсірді. Балаларымен, немерелерімен және шөберелерімен қуанышты күндерді өткізіп жатыр. Михаил Иванович балық аулағанды жақсы көреді. Оның өмірден алынған әңгімелерін сағаттап тыңдауға болады. Михаил Ивановичтің ұлымен бірге соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, баянда ойнағанын тыңдау ғанибет. 

Депутаттыққа үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарын, өңірдің алдағы жылдарға арналған даму жоспарлары туралы баяндады. Кездесудің кейіпкері Михаил Ивановичке денсаулық пен амандық тіледі. Соғыс ардагері сайлауға сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясын қолдап сөйледі.

Қаражат «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық сайлау қорынан төленді.

Тегтер: