5 Қазан 17:11

Мас адам ұшақта темекі шегіп, төбелес шығарды

Фото:
Нұр-Сұлтан әуежайында 43 жастағы ер адамға айыппұл салынды. Ол ұшақта темекі шегіп, алкоголь ішіп, авиакомпания өкілдерімен төбелескен, - деп хабарлайды

Елорданың қалалық көліктегі полиция департаменті.

Алматы, NEGE. 3 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайының Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Scat әуе компаниясының өкілінен "Ақтау - Нұр-Сұлтан" бағытындағы рейс жолаушыларының бірі мас екені туралы хабарлама келіп түсті.

"Маңғыстау облысының 43 жастағы тұрғыны мас күйінде әуе кемесінің салонында темекі шегіп, балағат сөздер айтқан, тіпті әуе компаниясының қызметкерлерімен төбелескен. Ұшып келген ер адам акт бойынша полицейлерге тапсырылды", - делінген хабарламада.

Көліктегі полицейлер 1977 жылы туған ер адамды әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша бірден жауапкершілікке тартты: әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін пайдаланғаны үшін, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін. Оған 55 АЕК (152,7 мың теңге) айыппұл салынды.

"Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді", - деді полициядағылар.

Тегтер: