30 Сәуір 12:26

Коронавирусты анықтайтын тест елімізде жасалады

Фото:

10 мың талдаманы зерттеуге жететін тест жүйені Алматыдағы Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы дайындаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Отандық препараттың сапасы шетелдік баламасымен бірдей. Есесіне бағасы қолжетімді. Қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан бір тест-жүйесі сондай 50 талдау жасауға жетеді. Отандық диагонистикалық препараттар мына тәжірибе цехында өндіріледі. Орталық ғалымдарының бұл салада тәжірибесі жеткілікті. Олар 2012 жылдан бері сібір жарасы, сарып, тырысқақ, оба ауруына арналған тест-жүйелерді жасап келеді.

Ал әлемде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен соң коронавирусты анықтайтын полимеразды тізбекті реакция тест-жүйесін жасауды қолға алған. М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ҰҒО жетекші ғылыми қызметкері Айгүл Әбдірасылова:"Қазіргі таңда бізде 10 мың зерттеуге арналған тест-жүйесі шығарылды. Тест жүйелердің өзіне тәнділігі, сезімталдылығы жағынан әлемдік стандарттарға сай екендігі анықталды" деді.

Коммерциялық препараттардан кем емес екендігі анықталды. Бүгінгі таңда аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында науқастардан және ауруханалардың палаталарынан алынған 3 мыңға жуық сынамаға зерттеу жасалы.пты. Тест-жүйе өзінің тиімді екенін дәлелдеді дейді жоба авторлары. Отандық диагностикалық препараттың тағы бір тиімді жағы – ол оның бағасы. Бір тест-жүйеге 116 теңге кетеді. Сонда өз бағасы 116 мың теңге болып тұр. Біз басында өзіміздің шығарған тест-жүйені салыстырмалы түрде тексеру үшін фирмалар бізге бір вектордың тест-жүйесі 1037000 тұрады деп коммерциялық ұсыныс жасады. Германияда шығарылған тест-системалар 900 мың тұрады деді. Қазірдің өзінде қазақстандық өнімге Үндістан тарапы қызығушылық білдіріп отыр. Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының басшылығы жуырда тағы бір цехтің ашылатынын айтты. Егер екінші цех іске қосылса, айына 200 мыңға дейін анализді зерттеуге жететін тест-жүйе жасауға болады.

Тегтер: