9 Қараша 09:46

Коронавирус жұқтырған неше бала емделіп жатыр?

Фото:

Қазір коронавирус жұқтырған 375 бала емделіп жатыр.

​Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциясын жұқтырған 7 030 адам емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 190 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Тегтер: