9 Ақпан 19:26

Қордайда зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі?

Фото:

 Қордай ауданында қақтығыс салдарынан зақымдалған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. 

Алматы, NEGE. 8 ақпанда Қордай ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған үкімет комиссиясы қайғылы оқиға салдарын жою үшін Қордайға келген болатын. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев басқарады. Комиссия құрамына мәжілісмендер, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов комиссия жанжалдың себептерін анықтаумен, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық мәселелерді шешумен, зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысып, нысандарды қалпына келтіру жұмысын ұйымдастырып жатқанын айтты.

Соңғы мәліметке сенсек, 25 тұрғын үй, 31 коммерциялық нысан мен 41 автокөлік зақымдалған. «Жанып кеткен нысандарға қатысты комиссия жұмыс істеп жатыр. Смета әзірленуде. Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр, – деді депутат.

Ал Сапарбаев қаза болғандардың отбасына қолдау туралы: "Біз бәрін халықпен ақылдасып, бірге талқылаймыз. Қалпына келтіру процестеріне қажет қаражат толығымен қамтамасыз етіледі", – деді. 

Тегтер: