26 Мамыр 14:39

Көлікті тіркеу бойынша қызмет көрсету уақытша тоқтатылды

Фото:

 Көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлайды.

Алматы, NEGE. «Осы жылдың 26 мамырында құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және «Электронды үкімет» порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады», - деп хабарлады әкімшілік полиция комитеті Комитет осыған байланысты келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданады.

Тегтер: