8 Қазан 19:02

Қоқыс жәшігінен өлі әйелдің денесі табылды

Фото:

7 қазан Өскеменде Виноградов көшесінің алтыншы үйі жанындағы қоқыс контейнерінде қаза тапқан адамның денесі табылды. Оны қоқыс шығару қызметінің қызметкерлері тапты.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Устинка LIVE-қа сілтеме жасап, "Хабар-24" хабарлады.

Жоғарыда аталған үйдің тұрғындары полицияның бүкіл ауланы қоршап алғанын және куәгерлерге жаппай сауалнама жүргізгенін айтты. Сондай-ақ куәгерлердің айтуынша, қауіпсіздік қызметкерлері орта жастағы екі ер адамды ұстаған. Ол үшін тәртіп сақшылары пәтерлердің бірін бұзуға мәжбүр болды.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ресми түсініктеме кейінірек болады.

Тегтер: