4 Маусым 09:23

Қызылорда облысының әкімдігі түлектерге 150 грант бөлді

Фото:

 Қызылорда облысының 260-тан астам мектебінде соңғы қоңырау соғылды. Санитарлық талап пен арақашықтықты барынша сақтауға тырысқан сырбойылық 6059 оқушы салтанатты жағдайда алтын ұя білім ордасымен қоштасты.

Алматы, NEGE. Енді түлектердің 80 %-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге әзірлігін пысықтайды. Толқыған жүректер, жанып тұрған үміттер. Толқынысын баса алмай тебіреніс үстіндегі түлектердің арманы асқақ, талабы таудай. Аймақ бойынша мектепті биыл 548 бала алтын белгіге, 363 оқушы үздік аттестатпен бітіріп отыр. Барлығы 5172 түлек өңірлік 9 пунктте Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Көп балалы отбасылардан шыққан және ерекше білімді қажет ететін балаларға облыс әкімінің арнайы гранты табысталады. Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова: " Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және ерекше білімді қажет ететін 46 бала бар. Оның 43-і ҰБТ-ға қатысуы көзделіп отыр. Сонымен қатар ерекше білімді қажет ететін 57 баланың 15-і ҰБТ-ға қатысады" деді.

Облыс әкімінің гранты бойынша 150 грант бөлініп тұр. Өңірдегі жалғыз мемлекеттік университет «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының 4 тәрбиеленушісіне тегін оқу сертификатын ұсынып отыр. Олар қалаған мамандықтары бойынша білім алады және 4 жыл бойы жатақхана, тегін ыстықпен қамтылады.

Тегтер: