9 Ақпан 17:30

Қызылорда облысында «қызық» болып жатыр

Фото:

Қызылорда облысында қызық оқиғалар болып жатыр. Бұған дейін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың бейәдеп қылығы туралы видео тараған. Әзірге әкімшілік тарапынан бұған ресми жауап болмады.

Жұрт аузында жүрген гу-гуге қарағанда, әкім жаңа жылдан кейінгі аста-төк отырыстардың бірінде қарамағындағы қызметкерімен шекісіп қалып, оны пышақпен қуалаған-мыс. Полиция оқиға орнына келгенімен, бұзақылыққа қатысты істі тіркемеген. Бұзақылық жасап жүрген адамның басқа емес, аудан әкімінің өзі екенін көргенде, полицейлер де сасып қалса керек. Қанша дегенмен біз АҚШ-та емес Қазақстандамыз, оның үстіне оқиға Қызылорда облысында болған. Дегенмен де қазір әкімнің әрекеті облыста майшаммен қаралып жатқан көрінеді. Алайда бұл туралы ресми түсініктеме берілмеді.

М.Ерегешбаев

Тілшіміз, осы оқиғаға байланысты Қызылорда облысы әкімдігіне хабарласқан. Алайда, әкімдік қызметкерлерінің телефон тұтқасын көтеруі қиын болды. Осы мәселе бойынша пікір білдіретін адамның телефон номерін алғанымызбен, не туралы сұрайтынымызды сезсе керек, қоңырауымызға жауап бермеді.  

Редакцияға хабарласқан тұрақты оқырманымыз Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған аудандарында да ел назарын аударарлық қызықтар болып жатқанын хабарлады. Қызылорда облысының әкімдігіне қоңыраулатуды тоқтатпаймыз. Өйткені сұрайтын нәрселер өте көп.

Тегтер: