Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді

19 апреля, 12:12

Фото: ғаламтордан

Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады. "Қазгидромет" синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE.  

Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.

"Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 20-21 сәуірден бастап Алматыда Скандинавиядан суық арктикалық ауа келетінін айтқан болатын. Осыған байланысты түнде 5 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз күн жылы болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации