9 Қыркүйек 17:40

Қазақстанда 630 мың адам МӘМС есебінен емделді

Фото:

 630 мыңнан астам қазақстандық сақтандыру пакеті аясында стационарларда жоспарлы ем алды, ол үшін қордан 50 млрд теңге бөлінді.

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп мәлімдеді. Бұдан бөлек консультациялық-диагностикалық қызметтерге тағы 42 млрд теңге төленген. «Қор осы аралықта диагностикалық қызметтердің ішінде  КТ мен МРТ сұраныс көп болғанын хабарлайды. Жарты жыл ішінде пациенттерге 1,1 млрд астам сомаға 96 мыңнан астам КТ қызметі және 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 101 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді», – делінген ҚР ДСМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен қатар сақтандыру қаражаты есебінен 3 млн стоматология қызметі, 2 млн рентген қызметі және 1,6 млн-нан астам ультрадыбыстық диагностика қызметіне қаржы төленді.

Тегтер: