27 Сәуір 10:17

Қазақстан вакцина салу бойынша әлемде 52-орында тұр

Фото:

 Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша әлемде 52-орында тұр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Бүгінде Қазақстан азаматтарын вакцинациялау «Спутник V» және «QazVac» вакциналарымен жүргізіліп жатыр. Қазақстан COVID-19-ға қарсы әлемдік вакцина өндірушілердің ондығына кірді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 177 елдің ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша 52-орында тұр», - деді министр. Оның атап өтуінше, вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Бұл егуге жататын халықтың 20 пайызын вакцинамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Жұмыс жалғасуда. Вакцинациямен қамту елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді Алексей Цой.

Тегтер: