Қазақстан Президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады

04 мая, 13:36

Фото: ғаламтордан

19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады.

Алматы, NEGE. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізбек. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек.

Келіссөздер барысында өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации