21 Сәуір 14:43

Каспий маңында 20 түйенің өлексесі табылды

Фото:

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағасында 20 түйенің өлексесі табылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Мамандар жануарлардың ерте көктемде суға кеткенін алға тартып отыр.

– Қатты дауылдан жануарлардың өлексесі жағаға шығып қалған. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және облыстық ветеринарлық станция түйелердің өлексесін жою бойынша жұмыстар жүргізуде, – делінген мәлімдемеде.

Тегтер: